МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ

⚜ МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ Мейіргерлер - мейірімі мен жан жылуы, пайымы мен парасаты қатар жүретін мамандық иесі. Олай дейтініміз, әрбір емделушінің көңіл күйін аңдап, денсаулық күтімін қадағалау біліктілікті, кәсіби шеберлікті талап етеді. Өзінің рухани қасиеттерін дамытып, білімін шыңдап, қоғам мүддесі, халық денсаулығын нығайту жолына қызмет етеді. Бұл - атағынан абыройы жоғары болатын жақсы іс. Әрбір емделушінің ризашылықпен айтқан алғысы - ең үлкен марапат. 📌 Назарларыңызға N°5 қалалық емхананың ҮЗДІК мейіргер мамандарын ұсынғымыз келеді. ✔Айнұр Демесинова - травматолог мейіргері. Қызылорда медициналық колледжінде фельдшер мамандығы бойынша білім алған. 2009 жылдан бастап №5 қалалық емхананың Хирургия бөлімшесінде еңбек етіп келеді. "Мамандығым - мақтанышым. Адамдардың басты байлығы - денсаулығын сақтауға, нығайтуға маман ретінде үлес қоссам, менің мақсатымның орындалғаны" дейді ол өз сөзінде. #5_қалалық_емхана #үздік_мейіргер
14 май 2021 ж.