І жартыжылдық қаржылық есебі 2024
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "№5 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 2024 жылдың І жартыжылдық қаржылық есебі
2024 жылы кәсіпорын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы арасында ТМККК және МӘМС шеңберінде 1 893 824,45 мың тенгеге келісім шарт жасалынды. Оның ішінде:
•Алғашқы медициналық-стационарлық көмекке – 951 654,20 мың тенге,
•Стационарды алмастыратын медициналық көмекке – 145 815,9 мың тенге,
•Консультациялық – диагностикалық көмекке – 793 851,09 мың тенге
•Медициналық оңалту - 2 503,27 мың тенге
Кәсіпорынға 2024 жылдың І жартыжылдық ӘМСҚ Қызылорда облысы бойынша филиалынан кіріс қаражаты – 897 278,0 мың тенге, оның ішінде 2024 жылға аванстық қаражат есебінен 276 070,0 мың тенге және 2023 жылдың желтоқсан айының орындалуы бойынша қалдық соммасы 45 286,1 мың тенге
2024 жылдың І жартыжылдық бойынша шығыс есебі
•Еңбекақы қорына – 697 939,8
•Азық түлікке – 475,8
•Дәрі-дәрмекке – 73 993,0
•Коммуналдық шығындарға – 11 573,2
•Өзге де тауарларды сатып алуға – 21 448,1
•Өзге де қызметтерге – 121 403,6