РЫСАЛДИЕВ САГИДУЛЛА МЕЛИСОВИЧ

Байқау кеңесі мүшесі
РЫСАЛДИЕВ САГИДУЛЛА МЕЛИСОВИЧ
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 
«№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәрігері
 
         Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының №442-ж Бұйрығына сәйкес, еңбек шарты бойынша 2024 жылдың 2 желтоқсанынан бастап Рысалдиев Сагидулла Мелисұлы №5 қалалық емхананың бас дәрігері лауазымына тағайындалды.
     Сагидулла Рысалдиев 1987 жылы 15 қарашада Қызылорда  қаласында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.
     2012 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бiтiрген.
     Еңбек жолын 2013 жылы Қызылорда қаласы, Абай ауылында терапевт дәрігер болып бастаған.
     2013- 2016 жылдар аралығында қалалық медициналық жедел жәрдем стансасында шұғыл көмек дәрігері;
     2016-2017 жылдары Қызылорда қаласындағы, №5 қалалық емханасы бас дәрігерiнің емдеу ісі жөніндегі орынбасары;
     2017- 2021жылдар аралығында "Alexey Sultan Akhmet" емханасында бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасары;
     2021-2022 жылдары "Қызылорда Теміржол ауруханасы" директорының емхана ісі жөніндегі орынбасары;
     2022-2023 жылдар аралығында көпбейінді қалалық ауруханасы бас дәрігерiнiң ішкі аудит жөніндегі орынбасары;
     2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметін абыроймен атқарып келді.
     Сагидулла Мелисұлының жаңа қызметiне сәттiлiк тiлеймiз! 
1 218