Жылдық есеп 2024 жыл

2024 жылдың 15 қаңтар күні №5 қалалық емхананың мәжіліс залында 2023 жылдың қорытынды жиналысы болып өтті. Жылдық қорытынды жиналыс Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және дәрі – дәрмектермен қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы Айтымбетова Ләззат Қанибайқызының қатысуымен өтті.

№5 қалалық емхананың бас дәрігері Ршымбетов Марат Құбылұлы  2023 жылы емхананың атқарылған жұмыстарының қорытындысын ұсынып, баяндама жасады. 

Жиналыс барысында 2024 жылы емхананың алға қойған мақсаттары қаралып, оларды шешу және дамыту бағытындағы мәселелер талқыланды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Алғыс» хатымен емхананың аудит дәрігері Мұханбетқызы Толқын, психолог маманы Сілтаев Мақсат Нұркенұлы және иммунокартотека мейірбикесі Жазыбаева Гүлмира Алмасбайқызы марапатталды. 

Жиын соңында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және дәрі – дәрмектермен қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы Айтымбетова Ләззат Қанибайқызы емхананың 2023 жылы атқарылған жұмыстарына оң бағасын беріп, ұжымға абырой тіледі.

3 112