ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІҢ ТАМАҚТАНУ ТӘРТІБІ

№5 қалалық емхананың жас ана мектебінің мейіргері Бибіфатима Жолшыбекова жүкті әйелдерге қажетті мәлімет берді. - Аяғы ауыр әйел үшін тамақтың мөлшері емес, құнары маңызды. Іштегі ұрық әйелдің жеген тағамындағы құнарлы заттар арқылы қоректенеді. Жүктілік кезінде сүт өнімдерін, ет, балық, жеміс-жидек, көкөніс, жұмыртқа мен бидай өнімдерін тұтынған жөн. Күн сайын үш рет көп мөлшерде тамақтанғаннан гөрі 5-6 рет жеңіл тамақтанудың пайдасы мол, деді Б.Жолшыбекова. Жүкті кезде әйелдің ағзасындағы майларға деген сұраныс 35%-ға, көмірсуларға деген сұраныс 55%-ға артады. Майды маргариннен, жаңғақтардан алуға болады, ал көмірсулар бидайда, макаронда, картопта, күріште мол болады.
19 апрель 2021 ж.