ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ ДЕГЕНІМІЗ БАЛА САНЫН ШЕКТЕУ ЕМЕС…

Отбасын жоспарлау дегеніміз бала санын шектеу емес, дүниеге дені сау баланы әкелу үшін әрбір ана денсаулығына аса көңіл бөлу керек деген ұғымды білдіреді. №5 қалалық емхананың отбасын жоспарлау маманы Кульмарам Смайылова аналарға кеңестерімен бөлісті. – Отбасын жоспарлау – қалаусыз жүктіліктен сақтану, жүктіліктен сақтану тәсілдерін тиімді қолдану нәтижесінде дүниеге алдын ала жоспарланған сәбиді, яғни дені сау және тілеулі сәбиді әкелу. Отбасын жоспарлау мәселесін шешу көпшілікке, ата-аналарға отбасындағы бала саны мен олардың жас аралықтарын реттеуде дұрыс қадам жасауға мүмкіндік береді. Қобалжудан құтқарады, - дейді К.Смайылова. Сондай-ақ, маманның айтуынша, дені сау аналар үшін контрацепциялық дәрі-дәрмектердің ешбір зияны жоқ. Алайда бұл дәрілерді өз бетінше қолдануға болмайды, міндетті түрде дәрігермен ақылдасып, медициналық тексеруден өту қажет. Әрбір отбасы бала санын реттеуді саналы түрде ұлт, мемлекет, қоғам мүддесімен ұштастыра отырып, өз отбасын жоспарлай білуі керек. Ұрпағымыз білімді, саналы болсын десек, қазіргі заман мүмкіндіктерімен санасуымызға тура келеді.
19 апрель 2021 ж.