ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ №5 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ ҰЖЫМЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Алдымен емхананың бас дәрігері Ж.Ә.Абдусаметов 2022 жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндады. Емханаға 37532 тұрғын тіркелген. Тұрғындарға 24 жалпы тәжірибелік аймақ бастапқы медициналық - санитариялық қызмет көрсетеді. Аталған аймақтардың дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 83,3%. Емханаға келушілер саны былтырғы жылға қарағанда 4,4 пайызға жоғарылаған. Келген тұрғындардың 62,8%-ы аймақтық дәрігерлерге, 30,7%-ы тар буынды мамандарға, 6,4% акушерлік-гинекологиялық қызмет бойынша қаралған. Жалпы аурушаңдық 2021 жылмен салыстырғанда 4,9 пайызға жоғарылаған. Профилактикалық бағыттағы скринингтік және флюорографиялық тексерулер жоспар бойынша толық орындалған. Анықталған науқастар диспансерлік есепке алынып, сауықтырылған. Есепті жылы емханаға заманауи үлгідегі цифрлық маммограф аппараты алынған. Енді тұрғындар сүт безі ауруларын анықтау үшін қаланың басқа емдеу орындарына бармай, тіркелген емханасынан тексерілуіне жағдай жасалған. Жиынды басқарма басшысының орынбасары М.Мирзанова қорытындылап, тиісті тапсырмалар берілді.
02 февраль 2023 ж.