МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ

⚜ МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ Мейіргерлер - мейірімі мен жан жылуы, пайымы мен парасаты қатар жүретін мамандық иесі. Олай дейтініміз, әрбір емделушінің көңіл күйін аңдап, денсаулық күтімін қадағалау біліктілікті, кәсіби шеберлікті талап етеді. Өзінің рухани қасиеттерін дамытып, білімін шыңдап, қоғам мүддесі, халық денсаулығын нығайту жолына қызмет етеді. Бұл - атағынан абыройы жоғары болатын жақсы іс. Әрбір емделушінің ризашылықпен айтқан алғысы - ең үлкен марапат. 📌 Назарларыңызға N°5 қалалық емхананың ҮЗДІК мейіргер мамандарын ұсынғымыз келеді. ✔ Гулшат Жусупбекова - егу бөлмесінің аяжаны. №5 қалалық емханада 19 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бұған дейін аймақтық мейірбике, аймақ аяжаны болып еңбек еткен. Ем-дом қабылдауда пациент жанынан табылып, маңызды іс атқарып жүрген Г.Жусупбекова туралы тұрғындар тарапынан көбіне оң пікірлер айтылып келеді. Бұл - мейіргердің ел игілігі үшін атқарған еңбегінің нәтижесі. #5_қалалық_емхана #үздік_мейіргер
14 май 2021 ж. 712