МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ

⚜ МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ Мейіргерлер - мейірімі мен жан жылуы, пайымы мен парасаты қатар жүретін мамандық иесі. Олай дейтініміз, әрбір емделушінің көңіл күйін аңдап, денсаулық күтімін қадағалау біліктілікті, кәсіби шеберлікті талап етеді. Өзінің рухани қасиеттерін дамытып, білімін шыңдап, қоғам мүддесі, халық денсаулығын нығайту жолына қызмет етеді. Бұл - атағынан абыройы жоғары болатын жақсы іс. Әрбір емделушінің ризашылықпен айтқан алғысы - ең үлкен марапат. 📌 Назарларыңызға N°5 қалалық емхананың ҮЗДІК мейіргер мамандарын ұсынғымыз келеді. ✔ Рая Ахметова - аға мейіргер. №5 қалалық емханаға 1988 жылы қабылданып, күні бүгінге дейін қажырлы жұмыс атқарып келеді. Аймақтық мейіргер болып еңбек жолын бастаған ол Балалар бөлімінде 10 жыл аға мейіргер болып қызмет кеткен. 2015 жылдан бастап Жалпы тәжірибелі дәрігер бөлімінде аға мейіргер. Емханада жүйелі жұмыс істеп келе жатқан 33 жыл ішінде аға мейіргер Р.Ахметова өзінің талапшылдығымен, шеберлігімен, кәсібилігімен көзге түсіп, құрметке ие болған маман. #5_қалалық_емхана #үздік_мейіргер
13 май 2021 ж.