МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ
⚜ МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ
Мейіргерлер - мейірімі мен жан жылуы, пайымы мен парасаты қатар жүретін мамандық иесі. Олай дейтініміз, әрбір емделушінің көңіл күйін аңдап, денсаулық күтімін қадағалау біліктілікті, кәсіби шеберлікті талап етеді. Өзінің рухани қасиеттерін дамытып, білімін шыңдап, қоғам мүддесі, халық денсаулығын нығайту жолына қызмет етеді. Бұл - атағынан абыройы жоғары болатын жақсы іс. Әрбір емделушінің ризашылықпен айтқан алғысы - ең үлкен марапат.
📌 Назарларыңызға N°5 қалалық емхананың ҮЗДІК мейіргер мамандарын ұсынғымыз келеді.
✔ Азиза Амирова - жалпы тәжірибелі мейірбике. 15 жылдан бері N°5 қалалық емханада еңбек етіп келеді. "Балаларды ерекше жақсы көремін. Сондықтан да болар, балаларды қарау мейірбикесі жұмысын құлшына атқарып, ата-аналарының алғысын алуға тырысамын" деп ағынан жарылды ол. Өз кәсібін ерекше құрметтейтін маманға еңбекте табыс, деніне саулық тілейміз.
#5_қалалық_емхана
#үздік_мейіргер