МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ

⚜ МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ Мейіргерлер - мейірімі мен жан жылуы, пайымы мен парасаты қатар жүретін мамандық иесі. Олай дейтініміз, әрбір емделушінің көңіл күйін аңдап, денсаулық күтімін қадағалау біліктілікті, кәсіби шеберлікті талап етеді. Өзінің рухани қасиеттерін дамытып, білімін шыңдап, қоғам мүддесі, халық денсаулығын нығайту жолына қызмет етеді. Бұл - атағынан абыройы жоғары болатын жақсы іс. Әрбір емделушінің ризашылықпен айтқан алғысы - ең үлкен марапат. 📌 Назарларыңызға N°5 қалалық емхананың ҮЗДІК мейіргер мамандарын ұсынғымыз келеді. ✔ Аманкүл Сүлейманова - аймақтық мейіргер. 1993 жылдан бері N°5 қалалық емханада жұмыс атқарып келеді. А.Сүлейманова үшін тәртіп, тазалық басты орында. "Өміріңізді, өз денсаулығыңызды сүйіңіз. Сақтансаң, сақтайды" дейді ол сөзінде. Емханада еңбек етіп келе жатқан 28 жыл ішінде әріптестерінің арасында сыйлы екенін, пациенттерге жақсы қызмет көрсетуге тырысқанын мейіргер туралы алғыс, оң пікірлердің көптігінен байқауға болады. #5_қалалық_емхана #үздік_мейіргер #5_қалалық_емхана #үздік_мейіргер
13 май 2021 ж. 793