ҚҰТТЫҚТАУ!

N°5 қалалық емхананың дәрігер менеджері Раушанбек Шарапат дәрігер мамандарға жүректен шыққан жыр шумақтарын ұсынады. Мархабат, қабыл алыңыздар! 🙂 Сендерсіңдер иесі, Әлемдегі ең күшті мамандықтың, Адамдық пен адалдықтың, Тайталасқа түскенде тағдырлары Қорғаны да болдыңдар тамам жұрттың. Тұрса екен деп тілейсің ғалам күліп, Жүзіңде нұр жайнайды, санаңда үміт, Дертіне ауырғанның дауа болып Сен ғана көрсетесің табандылық. Жатпаса да жұрт мынау бағаңды ұғып, Жаныңда бір болмайды сараң қылық, "Өлімсіреп" кеп тұрған науқасты да Жібересің қайтадан адам қылып. Ақ пейілдің белгісі ақ халатың, Әлемді мейіріммен ап қалатын Сендерсіңдер батыры бұл қоғамның Қошеметтеп ел-жұртың мақтанатын. Сын сағатта шайқалмай білек түріп, Денге саулық сыйлайсың, жүрекке үміт, Арпалыстың адамзат тағдыры үшін Бар ғаламның бақытын тілеп тұрып. Болмасын деп бұлтты аспан, күн-өкпелі, Тілегімді арнадым жүректегі Бүгінгі мерекеңіз құтты болсын Әлемнің ең мейірімді жүректері!!!
12 май 2021 ж.