ЕР - ЕЛ ҚОРҒАНЫ!

Жеңіс күні қарсаңында N°5 қалалық емхана ұжымының мамандары ардагер Төлеген Жүнісовтың шаңырағына барды. Т.Жүнісов 1921 жылдың 20 желтоқсанында Тереңөзек ауданы, Жаңарық ауылында дүниеге келген. 1942 жылы қызыл әскер қатарына қабылданып, Украинада 688 атқыштар полкінде болған. Зұлмат кезеңде от пен оқтың ортасында жүріп, Украинаны жаудан азат ету жолында күресіп, ерліктің ерекше үлгісін көрсетті. Майдангерлерді құрметтеу - кейінгі ұрпақ парызы. Кездесу барысында ардагер Т.Жунісов баршаны Жеңіс күнімен құттықтап, емхана мамандарына ақ батасын берді. #жеңіс_күні #ардагерлерге_құрмет #5_емхана
09 май 2021 ж. 319