МАРАПАТ БИІГІНЕН КӨРІНДІ

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай N°5 қалалық емхана мамандары марапатталды. Карантин талаптарына сай өткізілген жиында емхананың бас дәрігері Жақсылық Абдусаметов: - Наурыз мейрамының жер жүзінде аталып келе жатқанына 3000 жылдай уақыт болды деген дерек бар. Яғни айтулы датаның тарихы тереңде. Жаңарудың, тазарудың мерекесі саналатын әз Наурыз жыл басы боп есептеледі. Халқымыздың жаңа жылы жаңа өмір, ырыс, несібесімен келсін. Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!, деп жүрекжарды лебізін жеткізді. Жиын барысында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен емхананың дәрігерге дейінгі бөлім мейірбикесі А.Ерсайынова, психолог М.Нұркенұлы марапатталды. Емхананың алғыс хатын ДА Қараөзек мейірбикесі Г.Жусупбекова, Ғ.Кеулімжаев, К.Абланов иеленді. Сондай-ақ, бас дәрігер 50, 55 жылдық мерейтоймен ЖКК диспетчері К.Ибраеваны, офтальмолог мейірбикесі С.Нурпейсованы, МП Қараөзек тазалықшысы Оразкул Ермухаметованы арнайы құттықтап, алғысын білдірді. Мерекелік шара соңында ұжым өнерпаздары өнерін көрсетті.
22 март 2021 ж.