ТУБЕРКУЛЕЗДЕН САҚТАНУ ӨЗ ҚОЛЫҢДА!
Туберкулез – бұл әлеуметтік ауру ғана емес, сонымен қатар жұқпалы ауру. Жыл сайын әлем халқының 1 пайызы туберкулезбен ауырады. 2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша, елімізде амбулаториялық жағдайда ем бастаған туберкулезбен ауыратындардың үлес салмағы 71,2%-ды құраған. Қауіпті дерттің алдын алу мақсатында түрлі шаралар ауқымды түрде жүргізіліп келеді.
№5 қалалық емхананың дәрігер-фтизиопедиатры Зоя Абжалелова Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің білім алушыларымен кездесу өткізді. Мақсат – студенттерге туберкулездің алдын алу, анықтау турасында толыққанды мәлімет беру.
«Туберкулезбен ауырмау үшін дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстану қажет. Стрестен аулақ болуға тырысып, көңіл күйімізді қалыпты ұстау маңызды. Үй-жайларды жиі желдетіп отыру керек» деді ол.
Шара барысында студенттер тарапынан туберкулездің белгілері, басқа аурулардан айырмашылығы жайында сұрақтар қойылып, тұшымды жауап берілді.