МАРАПАТ МЕРЕЙ ӨСІРЕДІ

8 наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай N°5 қалалық емхана ұжымының бірқатар қызметкерлері марапат биігінен көрінді. Сыр медицинасында сіңірген елеулі еңбегі ескеріліп емхананың педиатр-дәрігері Ж.Жарбулова, күндізгі стационар дәрігері Қ.Пирманова қала әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатын жалпы тәжірибелі дәрігері Г.К.Ештаева, мейірбике А.Бекішова иеленді. Сенім кәсіподағы комитеті фельдшер И.Бүркітбай, физиотерапия мейірбикесі Б.Арынова, мейірбике А.Кетебаева, тазалықшы Р.Жартыбай және Жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімінің ұжымын марапаттаса, N°5 қалалық емхананың Кәсіподақ комитетінің төрағасының алғыс хатын акушер дәрігер Ү.Дайрабайқызы, жалпы тәжірибелік мейірбике Б.Палманова, мектеп мейірбикесі А.Қожанова алды. Жиын барысында N°5 қалалық емхананың Кәсіподақ комитетінің төрағасы Р.Шарапат мерекемен барша аналар қауымын, қырмызы қыздарды құттықтады. Шарада ақиық ақындардың жырлары жатқа оқылып, өнерпаздар ән шашуын шашып, әріптестерге әдемі көңіл күй сыйланды.
08 март 2021 ж.