«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-ның «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» негізіндегі семинардың № 5 хаттамасы

«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№5 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-ның «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» негізіндегі семинардың № 5 хаттамасы Өту орны: Қызылорда қаласы, Балқы базар көшесі 1 А Өту күні: 28 қыркүйек 2023 жыл Өту уақыты: 10 сағат 30 минутта Қатысқандар: Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары - С.А.Кенжебаев ЖТД-1 бөлім меңгерушісі - М.Т.Ибрагимов Мамандар бөлімінің инспекторы - А.Е.Юсупова ЭЖБ басшысы – Н.С.Файзуллаев Провизор – Н.Ж.Жалгасбаева Статист - Г.Т.Абдыкаликова Баяндаушы: Комплаенс офицері - Р.Сахимов Хатшы: Бас мейіргер м.а - Ж.Камилова Тақырыбы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының«№5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – қызметінің функциялары мен міндеттері». Баяндаушы:комплаенс офицері Р.Сахимов-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай,үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптастыру қажет. Біздің ортада сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ, қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болатындығын және сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білуі керек екендігі жөнінде түсіну.Осы айтылғансыбайлас жемқорлық тақырыбындағы әңгімелердің маңызы өте зор. Сыбайлас жемқорлықтың деректері анықталған жағдайда жұмыскерлер жұмыстан шығып қана қоймай, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексімен жауапқа тартылуы мүмкін. Сондықтан жұмыс шеңберінде, өздеріңіздің лауазымдық міндеттеріңізді атқарып, заң аясында ғана іс-қимыл жасап отыруларыңызды сұраймын. Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары:С.А.Кенжебаев - Коррупцияға қарсы күресті бұдан әрі күшейту мақсатында жасалынған іс-шаралардың орындалуын қатаң қадағаланып отырылсын. Және жұмыскерлер этика-диентологияны сақтаулу керек. Әдептен арылмай ұжымдастар, емханаға келетін науқастармен т.б. келушілерге мәдениетті сөйлеп, ізеттілік танытуларыңызды өтінем. Осы хаттама 2023 жылдың қыркүйек айының 28 жұлдызында толтырылып, қол қойылды. Комплаенс офицері:Р.Сахимов Хатшы:Ж.Камилова
03 октябрь 2023 ж.