ОҚУШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

№5 қалалық емхананың ұйымдастыруымен 2022 жылдың 25 қазан күні Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің 7-8-9 сынып оқушылары арасында «Электронды темекінің ағзаға зияны!» тақырыбында салааралық бағытта семинар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме барысында оқушыларға электронды темекілердің зияны туралы нақты ақпарат беріліп, оның қатерлі ауруларға алып келетінін жөнінде баяндалды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.
26 январь 2023 ж.