КЕНЕДЕН САҚ БОЛАЙЫҚ!

Конго–Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – жедел вирусты табиғи-ошақты, трансмиссивті жолмен берілетін, Bunyaviridae тұқымдастығының, Nairovirus туыстастығының вирусымен шақырылатын, қызба, жалпы интоксикация, геморрагиялық синдроммен және ауыр ағыммен жүретін ауру. ⚠️ Қазақстандағы эпидемиолгиясы ‼️Қазақстанда КҚГҚ эндемиялық ошақтары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары болып табылады. Жыл сайын республика аймағында КҚГҚ бойынша спорадиялық жағдайлар тіркеледі. Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында КҚГҚ-ның соңғы 10 жыл көлемінде 168 жағдайы, оның ішінде #Жамбыл облысында 31, #Қызылорда облысында 36, #Оңтүстік Қазақстан облысында 101 жағдай тіркелген.
13 июль 2022 ж.