АНА СҮТІМЕН ЕМІЗУДІҢ ТИІМДІ 3 ҚАҒИДАСЫ

АНА СҮТІМЕН ЕМІЗУДІҢ ТИІМДІ 3 ҚАҒИДАСЫ N°5 қалалық емхананың аға патронаждық мейіргері Ақжанат Жүнісова ана сүтімен емізуге байланысты мына кеңестерді ұсынады: 🤱 ОМЫРАУҒА ДҰРЫС ЖӘНЕ ҚАЛЫПТЫ САЛЫНУ ҚАҒИДАСЫ Емізу анасына ауыру сезімін әкелмей, бала омырауға дұрыс салынуын бақылаңыз. 🤱 СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ҚАҒИДАСЫ Бала омырауды қанша рет, қай мөлшерде керек етсе, сонша алуы тиіс. Бала көп емген сайын сүт соғұрлым көп болады. 🤱 АНАСЫНЫҢ СЕНІМДІЛІК ҚАҒИДАСЫ Әр әйел өз баласына жеткілікті мөлшерде сүт бере алатынына сенімді болуы қажет. #5_қалалық_емхана #Ана_сүтімен_тамақтандыру #Маманнан_кеңес
14 апрель 2021 ж.