СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН АНЫҚТАЙТЫН СКРИНИНГ
СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫН АНЫҚТАЙТЫН СКРИНИНГ
Сүт безі қатерлі ісігі - бұл сүт безінің безді тінінің қатерлі ісігі. Әйелдер арасында кеңінен таралған. ҚР Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын сүт безі обырымен сырқаттанудың 5000-ға жуық жаңа жағдайы анықталады.
Бүгінде сүт безі обырын анықтайтын скрининг медицинада әртүрлі зерттеу әдістерінің көмегімен қатерлі ісік ауру белгілері пайда болғанға дейін ертерек анықтауға мүмкіндік береді.
Скринингтің басты мақсаты - обырды ерте анықтау және емдеу.
40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет қаралып тұруы тиіс.
Онкоскринингтер қатерлі дерттің алдын алуға мүмкіндік береді, сондықтан тұрақты түрде өтіп отыру қажет.
Скринингтік зерттеулер, пациентті әрі қарай бақылау және емдеу шараларымен амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдар айналысады, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем де бар.
Қала тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдарға қаралады.
Ауыл тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, медициналық пунктілерде, фельдшерлік-акушерлік пунктілерде, дәрігерлік амбулаторияларда, аудандық емханаларда, сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендерде тексеріледі.