ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАЛҚАНША БЕЗІ КҮНІ
25 мамыр - Дүниежүзілік қалқанша безі күні
Әлем бойынша 2009 жылдан бері Еуропалық тироид қауымдастығының бастамасымен аталып келеді. Бұл күні дәрігерлер адамзатқа қалқанша без ауруларының алдын алу мен ерте ескертудің маңыздылығын еске салады.
Әлемдік статистикаға сәйкес, бүкіл әлем халқының үштен бірі қалқанша безінің бұзылуынан зардап шегеді. Түйінді түзілімдер ересектердің 30%-ында анықталады. Зоб немесе йод тапшылығы тапшылығы нәтижесінде бездің кеңеюі - 10-30%-да анықталады.
Қазақстанда ресми деректер бойынша, эндокриндік жүйе ауруларымен динамикалық бақылауда (есепте) 600 мың пациент тұр. Оның ішінде, 195 мыңы гипотиреоз, тиреотоксикоз, зоб және тағы басқа қалқанша безі ауруларымен есепте тұр.
#Дүниежүзілік_қалқанша_безі_күні
#ҚР_Денсаулық_сақтау_министрлігі
#5_қалалық_емхана