МҮГЕДЕКТІКТІ БЕЛГІЛЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
#Мүгедектікті_белгілеу
#Пайдалы_ақпарат
#5_қалалық_емхана
МҮГЕДЕКТІКТІ БЕЛГІЛЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
📌 ТІРШІЛІК-ТЫНЫСЫНЫҢ МЫНАДАЙ САНАТТАРЫНЫҢ БІРІНІҢ:
1) үшінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
2) үшінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
3) үшінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
4) үшінші дәрежедегі оқуға;
5) үшінші дәрежедегі бағдарлай білуге;
6) үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
7) үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға қабілетінің өте айқын білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылуы бірінші топ мүгедектігін белгілеу үшін критерий болып саналады.
📌ТІРШІЛІК-ТЫНЫСЫНЫҢ МЫНАДАЙ САНАТТАРЫНЫҢ БІРІНІҢ:
1) екінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
2) екінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
3) екінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
4) екінші дәрежедегі оқуға;
5) екінші дәрежедегі бағдарлай білуге;
6) екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
7) екінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға қабілетінің айқын білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты айқын білінетін бұзылуы екінші топ мүгедектігін белгілеудің критерийі саналады.
📌 ТІРШІЛІК-ТЫНЫСЫНЫҢ МЫНАДАЙ САНАТТАРЫНЫҢ БІРІНІҢ:
1) бірінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсетуге;
2) бірінші дәрежедегі жүріп-тұруға;
3) бірінші дәрежедегі еңбек қызметіне (еңбек ету қабілеті);
4) бірінші дәрежедегі оқуға;
5) бірінші дәрежедегі бағдарлай білуге;
6) бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасауға;
7) бірінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылауға қабілетінің орташа білінетін шектелуіне немесе олардың ұштасуына әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттар немесе кемістіктер салдарынан болатын организм функцияларының тұрақты орташа бұзылуы үшінші топ мүгедектігін белгілеу критерийі саналады.