МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ ҚАЛАЙ БЕЛГІЛЕНЕДІ?

МҮГЕДЕКТІК МЕРЗІМІ ҚАЛАЙ БЕЛГІЛЕНЕДІ? 📌 Мүгедектік мынадай мерзімдерге: ✔ он алты жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға және он алты жасқа толғанға дейін; ✔ он алты жастан он сегіз жастағы адамдарға – 6 айға, 1 жылға, он сегіз жасқа толғанға дейін; ✔ он сегіз жастан асқан адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді. ❗ Қайта куәландыру мерзімінсіз мүгедектік: ✔ Қайтымсыз анатомиялық ақаулар тізбесіне сәйкес; ✔ организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедекті кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедекті кемінде бес жыл, үшінші топтағы мүгедекті кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде; ✔ зейнет жасындағы адамдарға оңалту болжамы қолайсыз болған кезде белгіленеді.
18 май 2021 ж.