ҮЗДІК ӨЛЕҢ
#Жүректен_шыққан_жауһар_жыр
#5_қалалық_емхана
#Мейіргерлер_сайысы
Өз өнерін көрсету кезеңінде сайыс жеңімпазы, Қараөзек дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі Гүлшат Жусупбекова медицина саласының мамандарына арнап өлең шығарған болатын. Мархабат, қабыл алыңыздар.⤵
Армысыздар, ақ халатты абзал жандар,
Тұлғасы биік, жүрегі кең, ойы заңғар.
Баршаңызға бас иіп сәлем берем
Мақсат, арман орындалсын ойға алған.
Жақсы жандар нұрға бөлеп шартарапты
Қанатын қуаныштың серпе қақты.
Аяжандар мәртебесін биіктетіп,
Басталды үлкен жиын салтанатты.
Бірлігін берекемен құндақтаған,
Ұжымбыз жүрегінде зіл жатпаған.
Баршаның денсаулығын сақтап келген
Аяжандар қауымымыз ел мақтаған.
Гүлшат – атым, ақ халатты аяжанмын,
Ойлаған денсаулықты, бала қамын, ана қамын.
Бойымдағы білім мен өнерімді
Келеді мен де бүгін саралағым.
Ұжымның үкілеген үмітімін,
Додаға келдім сайланып.
Әр сөзімді саптаймын
Жан-жаққа қарап, ойланып.
Өмірде орным орнықты,
Сүймеймін әсте зорлықты.
Қамқор болсам жандарға
Аурудан көрген қорлықты.
Денсаулық керек адамға
Салауат керек ғаламға.
Тазалық болып серігің,
Орнасын білім санаңда.
Сән сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Біздің ұжым мәңгі бақи бірлікте.
Құтты болсын, аяжандар, мереке
Денсаулықты ту етейік, мына ғажап тірлікте!