МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ

⚜ МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ Мейіргерлер - мейірімі мен жан жылуы, пайымы мен парасаты қатар жүретін мамандық иесі. Олай дейтініміз, әрбір емделушінің көңіл күйін аңдап, денсаулық күтімін қадағалау біліктілікті, кәсіби шеберлікті талап етеді. Өзінің рухани қасиеттерін дамытып, білімін шыңдап, қоғам мүддесі, халық денсаулығын нығайту жолына қызмет етеді. Бұл - атағынан абыройы жоғары болатын жақсы іс. Әрбір емделушінің ризашылықпен айтқан алғысы - ең үлкен марапат. 📌 Назарларыңызға N°5 қалалық емхананың ҮЗДІК мейіргер мамандарын ұсынғымыз келеді. ✔ Арман Асилова - аға мейіргер. №5 қалалық емханаға қарасты Қызылжарма емханасына 2002 жылдың сәуір айында жұмысқа тұрған. Сол уақыттан бері 19 жыл бойы табанды түрде тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіп келеді. Бұған дейін 3 жыл аймақтық мейірбике, 13 жыл ине егу мейірбикесі болып еңбек еткен. "Әрбір күн сайын пациенттер тарапынан жоғары бағаға ие болу үшін кәсіби шеберлігімді шыңдап, жұмысқа белсене араласамын. Өзім туралы жұртшылықтың айтқаны дұрыс" дейді ол. Ел денсаулығын сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген аға мейіргер А.Асиловаға жүйелі жұмыстың жемісін тілейміз. #5_қалалық_емхана #үздік_мейіргер
14 май 2021 ж.