МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ

⚜ МЕЙІРГЕР МЕРЕЙІ Мейіргерлер - мейірімі мен жан жылуы, пайымы мен парасаты қатар жүретін мамандық иесі. Олай дейтініміз, әрбір емделушінің көңіл күйін аңдап, денсаулық күтімін қадағалау біліктілікті, кәсіби шеберлікті талап етеді. Өзінің рухани қасиеттерін дамытып, білімін шыңдап, қоғам мүддесі, халық денсаулығын нығайту жолына қызмет етеді. Бұл - атағынан абыройы жоғары болатын жақсы іс. Әрбір емделушінің ризашылықпен айтқан алғысы - ең үлкен марапат. 📌 Назарларыңызға N°5 қалалық емхананың ҮЗДІК мейіргер мамандарын ұсынғымыз келеді. ✔ Ақшолпан Асанова - жалпы тәжірибелі мейірбике. 15 жылдан аса уақыт бойы N°5 қалалық емханада еңбек етіп келеді. Емдеу ісі мамандығы бойынша білім алған ол еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Мектеп аяжаны, одан соң терапия бөлімінің аймақ аяжаны қызметін атқарған. Бүгінде ересектерді қарау мейірбикесі. "Мамандығым өзіме ұнайды. Қиындығы да, қызығы да қатар жүретін жұмыс. Сондықтан барынша жұртшылық көңілінен шығуға, халыққа сапалы қызмет көрсетуге тырысамын" дейді ол. #5_қалалық_емхана #үздік_мейіргер
13 май 2021 ж.