ҚҰТТЫҚТАУ!
Құрметті қауым!
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын!
"Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік" дейтін халқымыз үшін бұл мейрамның маңызы айрықша. Жыл сайын айтулы күнде еліміздегі 130-дан аса ұлт пен ұлыс өкілдері қазақтың киелі қара шаңырағының астында бейбіт өмір сүріп жатқандығын тойлап келеді. 1995 жылдың наурызында ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Оның мүшелері ортақ үйіміз - Қазақстанда ынтымағы жарасып ғұмыр кешіп келеді. Олай болса, ұлтаралық татулық пен өзара ауызбіршілігіміз берік болсын. Көп ұлт мекен еткен Қазақ елінде достық, бірлік мәңгі салтанат құра берсін деп тілеймін!
N°5 қалалық емхананың бас дәрігері Жақсылық Абдусаметов