ТҰРМЫСТЫҚ СЫБАЙЛАСТЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ЗАҢМЕН ЖАЗАЛАНАДЫ

«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, заң ғылымдарының магистрі Жандос Тұсмағамбетов №5 қалалық емхана мамандарымен кездесті. Карантин талаптарына сай ұйымдастырылған жиында сыбайлас жемқорлық, тұрмыстық сыбайластық тәуекелдері, оған қатысты заңдар туралы ақпарат берілді. - Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша арнайы заң бар. Сол заңдағы биылғы өзгерістерге сәйкес, 50 АЕК (140 000 теңге) мөлшеріндегі пара ірі көлемдегі пара болып саналады. Егер біреу пара алатын болса, 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Және ол ешқандай кешірілмейді. Заңға сәйкес түзеу колонияда жазасын өтеп шығады. Сондықтан қандай да бір сыбайластық әрекеттерінен сақтану қажет, - деді Ж.Тұсмағамбетов. Шара барысында қатысушылар аталмыш тақырып аясында көкейдегі сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.
08 апрель 2021 ж.