ЖҰҚПАЛЫ АУРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАНДЫРДЫ

Жыныстық жолмен берілетін аурулар жөнінде №5 қалалық емхананың отбасын жоспарлау акушеркасы Кульмарам Смайылова Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің оқушыларына мәлімет берді. Білім беру мекемесінің тек қыз балалары ғана қатысқан арнайы кездесуде емхана маманы К.Смайылова жеке бас гигиенасы тақырыбынан бастап, жыныстық жолмен берілетін ауру түрлеріне терең мағлұмат берді.
19 март 2021 ж.