ҚАУІПТІ ДЕРТТЕН САҚТАНУҒА ШАҚЫРДЫ
№5 қалалық емхананың отбасын жоспарлау акушеркасы Кульмарам Смайылова Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің студенттеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиында К.Смайылова жыныстық жолмен берілетін ауруларға кеңінен тоқталып, алдын алу жолдарын баяндады.
«Жыныстық жолмен жұғатын ауруларға мерез, соз, гениталдық герпес, хламидиоз т.б жатады. Бұлардың барлығын да күрделі проблема деп қарастырсақ болады. Сондықтан кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу қажет. Сондай-ақ, мәдениеттілікті сипаттайтын ережелерді сақтап жүру керек», деді ол.