ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Халқымыз ежелден елдің өркендеуі, мемлекеттің дамуына тосқауыл болатын факторлардың бірден бірі ретінде «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерін айтқан. Тұрмыстық сыбайластық тәуекелдерін болдырмау, алдын алуды насихаттау мақсатында бүгін №5 қалалық емханада түсіндірме жиын өткізілді. Жемқорлық – мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуын тежейтін, саяси және қоғамдық институттарға кері ықпалын тигізетін әрекет. Бұл туралы ел Президенті Қ.Тоқаев «Сыбайлас жемқорлық – өте күрделі құбылыс. Батпандап кіретін, мысқалдап шығатын кесел» деп атап көрсеткен болатын.
10 март 2021 ж.