МҮГЕДЕКТІККЕ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ
#Мүгедектікті_белгілеу
#Пайдалы_ақпарат
#5_қалалық_емхана
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңында мүгедектікке анықтама берілген:
Мүгедек – бұл тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организмнің функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам.
Мүгедектікті, оның себептері мен мерзімдерін, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары бойынша белгілейді.