МЕЙІРГЕРЛЕР САЙЫСЫ

12 – мамыр Халықаралық мейірбикелер күніне орай №5 қалалық емхана мамандарының арасында сайыс өткізілді. Мақсат – айтулы күнде мамандарды құттықтай отырып, жан-жақты шыңдау, ұжымдық бірлікті насихаттау. Жарысқа 6 мейіргер қатысып, 4 кезең бойынша сынға түсті. Олар: 1. Менің мамандығым – мақтанышым. Әр қатысушы өз мамандығы туралы өзіндік ойларымен, әсерімен бөлісіп, эссе прозалық әдеби жанрында материал дайындау қажет. 2. Тазалық – денсаулық кепілі. Медициналық қол жуу әдістерін түсіндіру тиіс. 3. Коммуникациялық дағдылар. Бұл бөлімде қатысушылар әртүрлі ситуациялық сұрақтарға практика жүзінде жауап беру керек. Негізгі мақсат – медицина мамандарының пациенттермен қарым-қатынасын зерттеу. Күрделі жағдайлар туындағанда емхана маманы емделушінің көңілінен шығып, қалай тіл табысуға болатынын көрсету. 4. Өз өнерін көрсету. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда. Емхана мамандары арасында өткен сайысқа бас дәрігер Ж.Абдусаметов бастаған қазылар алқасы төрелік етті. Қатысушылар би билеп, ән шырқап, жыр оқып, ситуациялық сұрақтарға белсене жауап берген тартысты додада жүлделі бірінші орынды Қараөзек дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі Гүлшат Жусупбекова қанжығасына байлады. Екінші орынды №12 ЖТД аймақтық мейірбикесі Бибігул Салқаш алса, үшінші орынды Қызылжарма дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі Жанерке Базарбек еншіледі. Күндізгі стационар мейірбикесі Меруерт Нұрланова, МП Қараөзек мейірбикесі Ақмарал Жүсіпбек, кардиолог мейірбикесі Арай Алтынбаеваға сайысқа белсене қатысқаны үшін ынталандыру сыйлығы берілді.
12 май 2021 ж.