АБИЛКАСИМОВА ГУЛЬНАЗ ВАЛИЕВНА

Денсаулық сақтау басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы.  
 
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ, БІЛІМІ
 Абилкасимова Гульназ Валиевна 1982 жылдың 27 шілдесінде Қызылорда облысы, жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ұлты -қазақ. Білімі-жоғары.
1999 жылы Қазақ Гуманитарлық заңт университетіне түсіп, 2003 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірген.
 МАНСАП
Еңбек жолын 2005 – 2006 жылдар аралығында Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментінің мемлекеттік сатып алу және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бөлімінің заңгер-бас маманы болып бастаған.
2006 – 2008 жылдар аралығы Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментінің әкімшілік -құқық бөлімінің заңгер-бас маманы.
2008 – 2012 жылдар аралығы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыру -құқықтық, жұмылдыруды қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің заңгер-бас маманы.
2012 – 2013 жылдар аралығы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік -құқықтық, кадрлар жұмысы және ішкі бақылау  бөлімінің заңгер-бас маманы.
2013 – 2014 жылдар аралығы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және ішкі бақылау   бөлімінің басшысы.
2014 – 2016 жылдар аралығы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының персоналды бақылау  бөлімінің басшысы.
2016 – 2021 жылдар аралығы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және сыбайлас жемқорлық қаупін сараптау   бөлімінің басшысы.
2021 жылдан бастап Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу   бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді
255