ҚҰТТЫҚТАУ!

Құрметті әріптестер! Сіздерді 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Денсаулық сақтау саласында мейірбикелердің ролі айрықша. Медициналық қызметтің сапалы әрі тиімді болуы сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесінде іске асады. Адамның басты байлығы – денсаулығын сақтау жолында біліктіліктеріңіз, жан жылуларыңыз аса маңызды. Адамдарға деген сүйіспеншілік, шыдамдылық, байсалдылық – бұл мейіргерлер бойынан үнемі көрінетін қасиет. Жұмыстарыңыз жемісті болсын, әріптестер. Жұртшылықтың игілігі үшін жұмыс атқарып, халықтың алғысына бөлене беріңіздер. Кәсіптеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Жақсылық ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, N°5 қалалық емхананың бас дәрігері
11 май 2021 ж. 914